18 Тамыз, 2016

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы  №3-2/378

262 рет
көрсетілді
38 мин
оқу үшін
2015 жылғы 28 сәуір, Астана қаласы Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары ірі қара малдың импортталған асыл тұқымдық өніміне (материалына) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты қоспағанда, экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымдық өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тану» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгілінген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі А.МАМЫТБЕКОВ «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі ______ Ә.Исекешев 2015 жылғы 8 мамыр «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі ___________ Б.Сұлтанов 2015 жылғы 4 мамыр «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі____________ Е.Досаев 2015 жылғы 6 мамыр Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 3-2/378 бұйрығына 1-қосымша «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары және кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтінімді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі – ХҚО); 3) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі 4. Көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚО-ға, сондай-ақ порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 1) құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – отыз минут; 2) күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – он минут; 3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – он минут. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде. Мемлекеттік қызметтің нәтижесін қағаз жеткізгіште алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің басшысының қолымен куәландырылады. Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолданады. 7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) тегін көрсетіледі. 8. Жұмыс кестесі: 1) көрсетілетін қызметті берушіде – 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 96-бабына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау және нәтижені беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетiледi; 2) ХҚО-да – Кодекстің 96-бабына және Заңның 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі-сенбі аралығында белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін. Қабылдау «электрондық» кезек тәртібімен, жеделдетіп қызмет көрсетусіз көрсетіледі. Электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады; 3) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекстің 96-бабына және Заңның 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау және нәтижені беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады). 9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі: 1) көрсетілетін қызметті берушіге және ХҚО-ға: жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі); осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; 2) порталға: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш. Жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді ХҚО-ның қызметкері, көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзы арқылы алады. Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді. Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салуды қабылдау мәртебесі көрсетіледі. 10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында қарастырылған тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда ХҚО-ның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді. 3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі 11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым жергілікті атқарушы органның тиісті әкімнің атына беріледі. Шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 15-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша почта арқылы жазбаша нысанда, не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі. ХҚО арқылы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген немесе ХҚО қызметкерлері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда, шағым ХҚО басшысының атына және интернет-ресурсы: www.con.gov.kz бойынша беріледі. Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты және почталық мекенжайы көрсетіледі. ХҚО кеңсесіне қолма-қол, сол сияқты почта арқылы түскен шағымның қабылданғанын растау оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелген күні өтініштің екінші данасына немесе өтініштің ілеспе хатына қойылады) болып табылады. Сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің, ХҚО қызметкерінің әрекеттеріне (әрекет­сіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады. Көрсетілетін қызметті алушыға оның шағымының қабылданғаны туралы растау үшін шағымды қабылдаған адам талон береді, онда нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, осы шағымға жауапты алу мерзімі және орны, шағымның қаралу барысы туралы ақпарат алуға болатын адамның байланыс деректері көрсетіледі. Электронды өтінімді портал арқылы жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, бұл ақпарат көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (шағымның жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады. Көрсетілетін қызметті берушінің немесе ХҚО-ның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің немесе ХҚО кеңсесінде қолма-қол беріледі. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. 12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы сотқа жүгінеді. 4. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар 13. Өзіне-өзі қызмет көрсету, өздігінен қозғалу, құжаттарды қабылдауға бағдарлану қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе iшiнара айрылған көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсетуді ХҚО-ның қызметкері 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіне отырып, тұрғылықты жеріне барып жүзеге асырады. 14. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыларға күту және қажетті құжаттарды дайындау уақытында жағдайлар жасалады (күтуге арналған креслолар, құжаттарды толтыруға арналған орындар қажетті құжаттар тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жарақталады). Көрсетілетін қызметті берушінің және ХҚО-ның ғимараттары дене мүмкіндіктері шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандусы бар кіреберіспен жабдықталған. 15. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары: 1) Министрліктің www.mgov.kz интернет-ресурсында; 2) ХҚО-ның www.con.gov.kz интернет-ресурсында; 3) порталда орналастырылған. 16. Көрсетілетін қызметті алушыда электрондық цифрлық қолтаңбасы болу шартымен мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар. 17. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алу мүмкіндігі бар. «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша Нысан Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама Анықтама __________________________________________________________ берілді. (тұтынушының тегі, аты және әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса). Төменде көрсетілген кестеге сәйкес __________________________________________ (өңірдің атауы) мекенжайы бойынша жеке қосалқы шаруашылығы бар. Жеке қосалқы шаруашылық орналасқан жер учаскесінің иесі туралы ақпарат: ЖСН Тегі, аты және әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса) Туған күні Жалпы ақпарат: Табиғи аймақтың атауы Кітап нөмірі Кітаптағы есеп шотының нөмірі Кадастрлық нөмір Отбасының басқа мүшелері туралы ақпарат: ЖСН Тегі, аты және әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса) Туған күні Жануарлар/ өсімдіктер туралы ақпарат: Тіркеу күні Атауы Саны/ауданы Өлшем бірлігі Анықтама _____ күн ішінде жарамды. «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша Нысан Өтініш Мен,____________________________________________________________________ (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар ________________________________________________________________________ болса), жеке сәйкестендіру нөмірі, жеке куәлік деректері ________________________________________________________________________ және тұрғылықты жері _____________________________________________________________________ (өкілеттілікті куәландыратын құжаттың деректемелері) _________________________________________________________________негізінде ______________________________________________________ атынан әрекет ететін (сенімхат бойынша әрекет еткен жағдайда уәкілетті өкіл толтырады) Маған жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беруді сұраймын. Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін. Ұсынылған ақпараттың шынайылығын растаймын және шынайы емес мәліметтерді ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын. __________«__» ____ 20 __ жыл (қолы) Сұрау салуды орындау / қарау нәтижесі: ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ Тексерілді: күні 20__ жылғы______________ ________________________________________________________________________ (маманның тегі және аты-жөні, қолы) «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымша _________________________________________________________________________ көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын _________________________________________________________________________ куәландыратын құжатта болған жағдайда) не атауы мен мекенжайы Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, ____________ __________ мекенжайында орналасқан «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының № ____ бөлімі «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда: 1_______________________________________________; 2.______________________________________________ . Осы қолхат әр тарап үшін бір-бір данадан екі данада жасалды. ______________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), ХҚО қызметкерінің қолы Орындаушы: ______________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса) Телефоны ________________ Қабылдап алды: ___________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), көрсетілетін қызметті алушының қолы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 3-2/378 бұйрығына 2-қосымша «Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары ірі қара малдың импортталған асыл тұқымдық өніміне (материалына) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты қоспағанда, экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымдық өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тану» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары ірі қара малдың импортталған асыл тұқымдық өніміне (материалына) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты қоспағанда, экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымдық өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тану» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтінімді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі 4. Көрсетілетін қызметті берушіге, сондай-ақ порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 1) құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – он жұмыс күні; 2) күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – отыз минут; 3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – отыз минут. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тану туралы қорытынды. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық немесе қағаз түрінде. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін қағаз жеткізгіште алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады, мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің басшысының қолымен куәландырылады. Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің дайын болуы туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады. 7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі. 8. Жұмыс кестесі: 1) көрсетілетін қызметті берушіде – 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 96-бабына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау және нәтижені беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетiледi; 2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекстің 96-бабына және Заңның 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау және нәтижені беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады). 9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі: 1) көрсетілетін қызметті берушіге: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған өтініш; жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі); экспорттаушы елдің құзыреттi органдары берген асыл тұқымдық куәлiктердің немесе оған балама құжаттардың көшірмелері. Құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті беруші құжаттардың көшірмелерін түпнұсқаларымен салыстырады, содан кейін түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарып береді. 2) портал арқылы: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысаны бойынша сұрау салу; экспорттаушы елдің құзыретті органы берген асыл тұқымдық куәліктердің немесе оған балама құжаттардың электрондық көшірмелері. Жеке басын куәландыратын құжат, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзы арқылы алады. Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде: көрсетілетін қызметті алушыға – қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау оның көшірмесіндегі құжаттардың топтамасын қабылдау күні мен уақытын, құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегін, атын және әкесінің атын (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса) көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі болып табылады; портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылдағаны туралы мәртебе көрсетіледі. 3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі 10. Мемлекеттік қызметтертер көрсету мәселелері бойынша, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым тиісті көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі. Шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша почта арқылы жазбаша нысанда, не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі. Шағымда: 1) жеке тұлғаның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, почталық мекенжайы; 2) заңды тұлғаның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы керек. Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі. Шағымдану тәртібі туралы ақпарат бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы ұсынылады. Шағымды портал арқылы жолдаған кезде өтініш туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушы «жеке кабинетінен» көре алады, ол көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. 11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы сотқа жүгінеді. 4. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар 12. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыларға күту және қажетті құжаттарды дайындау уақытында жағдайлар жасалады (күтуге арналған креслолар, құжаттарды толтыруға арналған орындар қажетті құжаттар тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жарақталады), сондай-ақ мүмкіндіктері шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін пандустар көзделеді. 13. Мемлекеттік қызметті көрсету орнының мекенжайы Министрліктің www.mgov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. 14. Көрсетілетін қызметті алушыда ЭЦҚ болуы шартымен, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар. 15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты қашықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті» арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар. 16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары 8 (7172) 55-59-61, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414 «Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары ірі қара малдың импортталған асыл тұқымдық өніміне (материалына) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты қоспағанда, экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымдықөнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тану» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымша Нысан Асыл тұқым куәлігін немесе оған балама құжатты тану туралы қорытынды 1. Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымды өнімге (материалға) берген танылған асыл тұқымдық куәлік немесе оған балама құжаттың тізімі № Асыл тұқымды мал туралы жалпы мәлімет Асыл тұқымды малдың сәйкестендіру нөмірі** Асыл тұқым куәлігі-нің немесе сертификаттың тіркеу нөмірі Малдың асыл тұқымдық құндылығы туралы мәлімет түрі жынысы Тұқымы Лақап аты және белгілері Туған күні Тірі салмағы, кг* Құлақ сырғасы электроннды чип татуировка таңба Бағалау бойынша сыныбы Бағалау көрсеткіші*** 2. Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымды өнімге (материалға) берген танылмаған асыл тұқымдық куәлік немесе оған балама құжаттың тізімі № Асыл тұқымды мал туралы жалпы мәлімет Асыл тұқымды малдың сәй-кестендіру нөмірі** Асыл тұқым куәлігінің немесе серти-фикаттың тіркеу нөмірі Малдың асыл тұқымдық құндылығы туралы мәлімет Асыл тұқым куә-лігін немесе оған балама құжатты танымаудың себебі түрі жынысы Тұқымы Лақап аты және белгілері Туған күні Тірі салмағы, кг* Құлақ сырғасы электроннды чип татуировка таңба Бағалау бойынша сыныбы Бағалау көрсеткіші*** *- өнімділік бағыттағы етті ірі қара малдар, қойлар, шошқалар, жылқылар және түйелер үшін **- тізілгендердің ішінен біреуі немесе бірнешеуі көрсетіледі ***- бағалау көрсеткіші бар болуы туралы белгі қойылады Асыл тұқым куәлігін немесе оған балама құжатты тану туралы қорытындыны берген адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ________________________ ___________________________________________________________________ Күні ________________ ____________________ Мөр орны (қолы) «Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары ірі қара малдың импортталған асыл тұқымдық өніміне (материалына) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты қоспағанда, экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымдық өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тану» мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымша Нысан Кімге___________________________________________________________________ (Асыл тұқымдық мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне немесе Ірі қара малдың тұқымдары бойынша Республикалық палатаға) кімнен ___________________________________________________________________ (жеке тұлғаның фамилиясы, аты, әкесінің аты, ЖСН немесе заңды тұлғаның толық аты, БСН) Өтініш Экспорттаушы ел _________________________ құзыретті органдары импортталған асыл (экспорттаушы ел атауы) тұқымды ___________________________ өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық (асыл тұқым өнімінің (материалдың) түрі) куәліктің/оған балама құжаттың Үлгісін тануларыңызды сұраймын. Импорттаушының мекен-жайы: ___________________________________ телефон № ___________________________________ Өзім ұсынып отырған құжаттардың дұрыстығын растаймын. Мен, _______________________, асыл тұқым куәліктерінің келесі түпнұсқаларындаға мәліметтер берілген үлгіге _________________ сәйкес болатының растаймын. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _______________________________________ Күні ________________ __________________ Мөр орны (бар болса) (қолы) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 3-2/378 бұйрығына 3-қосымша «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартын Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтінімді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі 4. Көрсетілетін қызметті берушіге, сондай-ақ порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 1) құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – тиісті айда квота және қаржы қаражаты болған жағдайда жиырма төрт жұмыс күні; 2) күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – отыз минут; 3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – отыз минут. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін облыс, Астана және Алматы қалалары бойынша жиынтық акт болып табылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде. Парталға сұрау салған кезде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанындағы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолданады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде. 7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі. 8. Жұмыс кестесі: 1) көрсетілетін қызметті берушіде – 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 96-бабына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау және нәтижені беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетiледi; 2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекстің 96-бабына және Заңның 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау және нәтижені беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады). 9. Көрсетілетін қызмет алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) субсидиялау бағыт­тарына сәйкес жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі: 1) көрсетілетін қызметті берушіге: ірі қара малдың аналық мал басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарын жүргізуге: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялар алуға өтінім; нөмірін көрсете отырып, банк шотының болуы туралы банктің немесе Ұлттық почта операторының анықтамасы; асыл тұқымды зауыттарда және асыл тұқымды шаруашылықтарда асыл тұқымды қойлардың аналық мал басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарын жүргізуге: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялар алуға өтінім; ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыруды жүргізу үшін пайдаланылатын арнайы технологиялық жабдықтың болуын растайтын құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері немесе қойлардың аналық мал басына қолдан ұрықтандыру жүргізуге асыл тұқымды және дистрибьютерлік орталықпен жасасқан шарттың түпнұсқасы мен көшірмесі; нөмірін көрсете отырып, банк шотының болуы туралы банктің немесе Ұлттық почта операторының анықтамасы; асыл тұқымды зауыттарда және асыл тұқымды шаруашылықтарда маралдардың (бұғы­лар­дың) аналық мал басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізуге: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялар алуға өтінім; шаруашылықты жүргізу кітабынан немесе мал басының болуы туралы 24-ауыл шаруашылығы нысаны есебінен үзінді көшірмесі; нөмірін көрсете отырып, банк шотының болуы туралы банктің немесе Ұлттық почта операторының анықтамасы; асыл тұқымды шаруашылықтарда бал ара ұясымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізуге: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялар алуға өтінім; шаруашылықты жүргізу кітабынан немесе бал ара ұясының болуы туралы 24-ауыл шаруашылығы нысаны есебінен үзінді көшірме; нөмірін көрсете отырып, банк шотының болуы туралы банктің немесе Ұлттық почта операторының анықтамасы; асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малды сатып алуға: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялар алуға өтінім; малдарды сатып алу-сату/лизингілеу шартының түпнұсқасы мен көшірмесі; малдарды сатып алу-сату шарты бойынша толық төлем жасауды растайтын төлем құжаттарының түпнұсқалары мен көшірмелері; осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жануарларды кіріске алу актісінің түпнұсқасы мен көшірмесі; тауар өндірушіден карантиннен алу туралы актісінің түпнұсқасы және көшірмесі (асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малды шетелден сатып алған жағдайда); осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алынған асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малды пайдалану туралы келісімді; ДНК-паспортының түпнұсқасы мен көшірмесі (тұқымдық бұқаларды шетелден сатып алған жағдайда); нөмірін көрсете отырып, банк шотының болуы туралы банктің немесе Ұлттық почта операторының анықтамасы; асыл тұқымды қойларды, жылқыларды, түйелерді, шошқаларды және маралдарды сатып алуға: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялар алуға өтінім; асыл тұқымд